Балқаштық тұрғынды жаяу жүргіншілер жолағында көлік қағып кетті

Балқашта  жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан 54 жастағы әйелді көлік қағып кетті. Жол көлік оқиғасы таңертең, зауытқа барар жолдағы көпір қасында орын алды. Жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан әйелді «Hyundai — Accent» көлігі қаққан. Ауыр соққы салдарынан зардап шегушінің бас миы жарақаттанып, тістері сынып, бұғанасы зақымданған. Ал 40 жастағы жүргізуші күннің шағылысуынан жолдағы адамды көрмей қалдым деп ақталуда.

Талғат Ракишев – Жергілікті полиция қызметінің жол -патрульдік полиция инспекторы

«Қазіргі таңда зардап шеккен  әйелдің  жағдайы  бір қалыпты.  Көлік жүргізушісі ҚР «Қылмыстық Кодексінің» 346 бабына  сәйкес   жауапкершілікке  тартылды. Хаттама  анықтаушыларға жіберілді». 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture