Руы Жайлау, қимас ұлымыз, ардақты ағамыз Малыбаев Асқар Әшімханұлының өмірден өткеніне 1 жыл.
Жылдық асы 19 тамыз күні сағат 12.00-ден бастап «СҰЛУ» дәмханасында беріледі. Ағайын – туыс, құда – жекжат, көршілерге, достарына, танитын барша жамағатқа хабарлаймыз.
1 жыл бопты-ау сен кеткелі өмірден,
Тірі кезің еш кетпейді-ау көңілден.
Әлі күнге кездесер деп елеңдеп,
Сағынумен мына өмірден жеңілем.
Көз алдымнан кетпейді,
Желкілдеген тұлымың.
«Мама» деген даусыңды,
Сағындым ғой, құлыным!
Ақылды да саналы, өнерлі туған бала едің сен,
Сезімтал да ақылшы дара едің сен.
Ортамызда орның қалды ойсырап,
Жайқалған жас құрағым ерте солған.
Жылаймыз тағы да не амал бар одан басқа,
Тұрасың сен елестеп көзімізге қашанда.
Тез арада кеттің сен аққан жұлдыздай,
Ұшып кеттің келмейтін сен сағымдай.
Ас берушілер: әкесі – Әшімхан, анасы – Қамар.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login