Аяулы анамыз Оспанова Қымбат Сарсенбекқызы! Сізді 50 жас мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз!Сізге ұзақ өмір, мол бақыт, зор денсаулық тілей отырып, балаларыңыздың қызығына тоймай, ортамызда ақылшы болып жүре беруіңізге тілектеспіз!
Мейрамыңыз құтты болсын, Анашым!
Сенен алам мол тәрбие парасын.
Денсаулық пен қуанышқа кенеліп,
Әкешіммен таба білгін жарасым.
Өміріңіз ұзақ болсын, жайнасын,
Арай таңдар ата берсін қолдасын!
Сыйлы болып өмір сүрген ортада,
Отбасынан бақыт құсы таймасын!
Анашым, қуанышқа кенеле бер,
Жүзге жет, немере мен шөбере көр!
Ұрпағына сая боп нұрын төккен,
Бәйтеректей мәуелі көгере бер!
50 -ге келген жасыңызда,
Бақ-береке айналсын басыңызға.
Маңайың дос-жаранға толы болып,
Той-думан бола берсін қасыңызда.
Құтты болсын 50 жасыңыз,
Белестерден, асулардан асыңыз.
Жанұяның шаттығына бөленіп,
Қуаныштан шалқып-күліп тасыңыз!
Т/б: жолдасы – Аманқайыр, ұлдары: Ерғат, Фархат, Нұрсәт.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login