Құттықтау Қымбат Сәрсенбекқызы (көршілері)

Құрметті көршіміз Қымбат Сәрсенбекқызы! Сізді 50 жылдық туған күніңізбен құттықтаймыз! Осы айтулы күні, Сізге, зор денсаулық, қажымас қайрат, мол бақыт, көтеріңкі көңіл-күй тілейміз. Әрбір атқан таң тек қуаныш сезімін сыйласын. Жасыңызға жас қосыла берсін. Отбасыңызға амандық, молшылық, береке мен байлық, қуаныш пен шаттық тілейміз.

Бақыт деген осы емей немене,

Құт қонақтап, жайды кеңге кереге.

50 жаспен құттықтасақ біз бүгін,

100 жаста да тілек айтсын шөбере!

 

Құтты болсын 50 жасыңыз,

Белестерден, асулардан асыңыз.

Жанұяның шаттығына бөленіп,

Қуаныштан шалқып-күліп тасыңыз.

 

Балаларың үмітіңді ақтасын,
Өрге қарай домаласын бақ тасың.
Қосағыңмен қоса ағарып ғұмыр кеш,
Алла сені тіл-көздерден сақтасын!!!

 

Қиындық көрме, ешқашанда жасыма,

Тек амандық тілейміз сенің басыңа.

Бүгінгі мерейтойың құтты болсын,

Қосыла берсін тағы жас-жасыңа.

Т/б: көршілері.

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture