Аса қадірлі бауырымыз, апатайымыз Медеубаева Еркінай Абзалқызын 70 жасқа толған мерейтойымен құттықтаймыз! “Өмір” атты қиындығы мен қызыққа толы ұзақ жолда жақсылық, отбасына бақытты ғұмыр тілейміз. Тағдырыңызда таршылық көрмей, Алла жасыңызды ұзақ қылсын, туған-туысқа ардақты, дос-жаранға сыйлы болып бала-шағаның арасында жүре беруіңізді тілейміз.
Құтты болсын 70 жасыңыз,
Белестерден, асулардан асыңыз.
Жанұяның шаттығына бөленіп,
Қуаныштан шалқып-күліп тасыңыз.
Күлімдесін қиылған қос қасыңыз,
Ағармасын ешқашанда шашыңыз.
Туған- туыс ортасында жадырап,
Күліп- ойнап, 100-ге келсін жасыңыз.
Ақталып жақсылығың көпке істеген,
Жетіпсің жасқа бүгін 70 деген.
Бақытқа асыл әпке, бөлене бер,
Ұрпақтың қызығына кенеле бер!
Тілейміз ұзақ өмір, зор денсаулық,
Көбейсін немерелер, шөберелер!
Көз салып, өткен өмір, жас шағына,
Самғатып ақ арманның аспанына.
Ардақты, асқар таудай, абзал әпке,
70-тың шықтың бүгін асқарына.
Сізге деген тілегім таусылар ма,
Әр тілек бар жаңбырлы тамшыларда.
Сансыз тілек тілеймін жақсылықтың,
Әумин десін періште таң шығарда.
Бізде бүгін ұлы той, мерейлі күн,
70 жасқа толыпты әпкеміз бүгін.
Құттықтайды бауырларың қабыл алғын,
Еш уайымсыз жетсінші 100-ге жасың.
Т/б: апасы – Жолтай, Мустафиндер әулеті.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login