Балқашта әулиенің аруағына ғибадат жасалды. Қалалық Православ шіркеуіне Иисус Христостың оқушыларының бірі Андрей Первозванный мен әулие Георгий Победоносецтің сүйіктері әкелінді. Мәскеуден жеткізілген құнды жәдігерді христиан дінін ұстанушылар аптаның соңына дейін тамашалап, тағзым ете алады.
Шіркеуге келіп, қасиетті 5 әулиенің сүйегіне табынуға келгендердің қатары қалың. Балқаштықтар таң сәріден бастап дін үйінде Иисус Христостың алғашқы оқушыларының бірі Андрей Первозванный мен әулие Георгий Победоносецке тағзым етті. Дұға қылып, жанға дауа сұрады.
Вера Торопчина –қала тұрғыны
«Әулие Георгий Победоносец біздің қорғаушымыз. Ол дертке дауа беріп, денедегі күш-қуатымызды арттырады. Сол үшін шіркеуге келіп, тағзым етудемін. Өзім үшін, балаларым үшін сыйынып жатырмын».
Ұлы әулиелердің сүйегі Балқашқа бірінші рет әкелінді. Сондықтан Христиан дініне табынушылар үшін құнды жәдігерге бас ию таптырмас мүмкіндік. Ал олардың арасында діни қызметкерлердің сүйектерімен қатар Әулие ПантелеИмонның көркем бейнесін көруге болады.
Михаил Макаров – шіркеудің кіші діни қызметшісі:
«5 құнды жәдігер Грек елінің Афон қаласынан әкелінді. Олардың барлығы әулие адамдар. Қасиетті болып келеді. Сондықтан шіркеуге келушілер табынып, аластанып, рахат алуда».
Елімізге 5 әулиенің сүйектері Мәскеу және Грециядан әкелінді. Енді Алматы, Балқаш шіркеуінде болған жәдігерлер қайтадан Ресейге жөнелтілмек.
Иерей Виктор — Әулие-Никольский шіркеуінің аға попы
«Әулие Андрей Первозванный Иисус Христостың кезінде тірі болған жан. Христостың жанында жүріп, алғашқы оқушысы атанды. Міне, арада көп уақыт өткеннен кейін, ол біздің шіркеуде жатыр. Кезінде өзі шіркеуге келушілерге біз сияқты жол көрсетіп, бағыт-бағдар көрсетудеміз»
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login