2023 жылдан бастап Қазақстанда су тұтыну көлеміне сараланған тариф енгізіледі. Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайылов мәлімдеді.
«Су ресурстарына ұқыпты көзқарасты қалыптастыру және объектив төлемді белгілеу мақсатында 2023 жылдан бастап суды тұтыну көлеміне қарай сараланған тариф енгізіледі», — деді премьер-министр Үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Сонымен қатар, Смайылов коммуналдық төлемдерді төлеуде халықтың мұқтаж санаттарын жеке топқа бөлу жоспарланып отырғанын айтты.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login