Екі балқаштық суға батып кете жаздады. Абырой болғанда екеуі де дін аман. Алғашқы оқиға 14 маусым күні қалалық Дамбы маңында болған. Ер адам мас күйінде суға құлап кеткен. Құтқарушылар жеткенше, бірінші болып сол жердегі балықшылар тұрғынның өмірін арашалап қалады. Жедел жәрдем көмегіне жүгінген азамат, бүгінде үйіне шығарылды. Ал, екінші оқиға, күні кеше болды. 15 жастағы жасөспірім көл жағалауында ата-анасының қарауынсыз жүрген. Көлдегі демалысы жедел жәрдем көмегіне жүгінумен аяқталды.
Дархан Қуанбаев – судан құтқару бөлімінің басшысы
«Қазіргі таңда көл аумағында қараусыз жүрген балалар көп. Сондықтан да құрметті ата-аналар және қала қонақтары балаларды қараусыз көл жағалауына жібермеулеріңізді сұраймыз. Қайғылы оқиға болмауы үшін балаларыңызды ересектерсіз судың маңына жібермеулеріңізді сұраймыз».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login