4000 –ға жуық балқаштықтың коммуналдық шығындары үкімет есебінен өтелетін болды. Қазір мамандар тұрғындардың мамыр айы бойынша берген өтініштерін қарап жатыр. Ал сәуір айы үшін тұрғындар шотына 15 000 теңге аударылып, коммуналдық қызмет ақысы төленді. Егер қояр сауалыңыз болса немесе өтініміңіздің мәртебесін білгіңіз келсе 4-63-52 телефон нөмірін теріңіз. Немесе WhatsApp желісі бойынша жазыңыз.
Мадияр Кодек «Балқаш қ. тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары бөлімі» ММ бас маманы.
«Құрметті балқаштықтар, сіздерден сұрайтынымыз кішкене қалған 2000 өтінімдер бойынша, яғни 6000 адам үміткер болса, қалған 2000-ы бүгінгі таңға дейін әлі өтініштер берген жоқ. Соларды кішкене белсендірек болуға шақырамыз»
Мамандар балқаштықтарды белсендірек болуға шақырады. Мәселен, өтемақы тиесілі 6 мың адамның, 2 мыңы әлі өтінім бермеген. Осы орайда, аталған көмек тиесілі топқа жататын тұрғындар тұрғынүй коммуналдық шаруашылық бөліміне келулері қажет. Айта кетейік, 15000 теңгені мүгедектер немесе пәтері атына рәсімделген жақын туыстары да ала алады. Және осы санаттағы ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, көп балалы аналар, қызмет атқару кезінде қаза тапқандардың туыстары ала алады.
Ком.қызмет бойынша сұрақтар: 4-63-52
Whatsapp 87051084846
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login