Жыл басынан бері 22 адам полиция бөліміне жүгінген. Шағымданушылар әлеуметтік желі арқылы интернет алаяқтардың құрбаны болғанын айтады.
Қала тұрғындарының көбі шағын несие деген желеуге сеніп қалған. Алаяқтар әуелі тұрғындарға онлайн өтінім бергізеді. Өтінімді растау үшін сақтандыру төлеуді талап етеді. Клиент ақшаны жіберісімен, интернет әккілер оның нөмірін бұғаттайды. Одан соң кредит беруші мүлде хабарсыз кетеді. 11 балқаштық дәл осындай тұзаққа түскен. Кейбір тұрғындар автобөлшек сатып алмақ болып, онлайн сауданың арбауына іліккен. Жалған жеткізушілер кепілақы төлеуді сұрайды, артынша ақшаны алғаннан кейін ізін суытады. Интернет алаяқтар instagram және ватсап мессенджерлері арқылы да арам ойларын жүзеге асырады екен.
Қайырбек Рахымбеков — Балқаш қ. полиция бөлімі басшысының орынбасары
«Кейінгі кезде Балқаш қаласының аумағында алаяқтық фактілері көбейіп кетті. Бұл жаңағы интернет желісі арқылы тауарларды сатып алу кезінде болып жатады. Балқаш тұрғындарына айтарым интернет арқылы тауар сатып алған кезде сенімді және ресми сатушылармен жұмыс жасауларыңызды өтінемін».
Алаяқтардан зардап шексеңіз 102 немесе 4 -16-39: 4-28-14 нөмерлері арқылы қалалық полиция бөліміне хабарласуларыңызды ескертеміз.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login