Дәмханалар мен мейрамханалар 29 мамырдан бастап өз жұмысын бастайды

Қарағанды облысында сауда орталықтары, дәмханалар мен мейрамханалар 29 мамырда ашылады. Ал, балабақшалардағы кезекші топтар 1 маусымда жұмысын бастайды.
Бұл туралы «Saryarqa» телеарнасының тікелей эфирінде өткен брифингте Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек мәлім етті.

Брифинг барысында аймақ басшысы Жеңіс Қасымбек 29 мамырдан бастап дәмханалар мен мейрамханалар, 30 адамға дейінгі сыйымдылығы бар жазғы демалыс орындары, қонақ үйлер ашылатындығын айтты. Сондай-ақ, ата-анасының жұмысына байланысты қарауды қажет ететін балалар ғана мектепке дейінгі мекемелерге жіберіледі. Аймақ басшысы карантиндік шаралардың босаңсуына қарамастан, санитарлық талаптарды қатаң сақтау, қоғамдық орындарда медициналық бетперделерді киіп, әлеуметтік қашықтықты сақтау қажеттігін атап өтті.

Аймақтағы жеңілдіктер, қарағандылық санитарлық дәрігелердің шешімінен кейін рұқсат етіледі. Алдағы күндері қаланың карантиндік режиміндегі өзгерістер енгізілетін болады. Себебі, облыс әкімі індеттің екінші толқынына әзірленп жатқандығын тілге тиек етті.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login