Кеше Уәлиханов көшесіндегі көпқабатты үйлердің шатыры мен қасбеттеріне жөндеу жұмыстары басталғанын хабарлаған болатынбыз. Ғимараттардың жөндеу көрмегеніне 15 жылдан асқан. Бүгін әкім орынбасары мен сәулет бөлімінің мамандары жұмыс барысына шолу жасап қайтты.
Қаланың орталық бөлігіндегі бұл үйлерде сауда нүктелері көп. Әрқайсысының маңдайшасы мен сыртқы стилі әртүрлі. Алайда, бұндай түрлі-түсті сыртқы көрініс үйлердің жаңа кейіптегі қасбетіне сай келмесі анық.
Бүгінде жөндеу жұмыстары жүріп жатқан көшеде бірыңғай сәулеттік стиль болмақ. Қатар тұрған үйлердің сыртқы келбеті бірыңғай түсте болып, жеке кәсіпкердердің нысандары ала-бажақ кейіптен арылмақ.
Айрат Қарамурзин — қала әкімінің орынбасары
«Қаланың басты көшелерінің дизайн кодын жобаладық. Оған кәсіпкерлердің сауда орындарының сыртқы түсі мен стилі, маңдайшаларының мөлшері кіреді. Осылайша бірыңғай сәулеттік стиль мәселесін шеше аламыз».
Уәлиханов көшесіндегі 1-ші үйге жаңарту жұмыстары басталмай тұр. Себебі, жеке меншік құзырында. Мемлекет сол себептен де үйдің жөндеу жұмысына қаржы бөле алмайды. Абаттандыру ережесіне сәйкес бұл үйдегі жеке және заңды тұлғалар тұрғын үйдің сыртық келбетіне жауапты болмақ.
Айнұр Мамытова — Балқаш қ. «Жер қатынастар бөлімі, сәулет және құрылыс» бөлімінің басшысы
«Уәлиханов 1-ші тұрғын үйдегі меншік иелерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізудеміз. Абаттандыру ережесіне бағынбағандарға қалалық полиция бөліміне 4 хат жолдадық. Заңға сай шара қолдануларын өтіндік».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login