Рима Алиахметова шаһарымызға осыдан 50 жыл бұрын көшіп келген. Көл жағасында самал ауамен тыныстағанды жаны сүйеді. Зейнеткер әсіресе, қаланың күн санап көркеюі көз қуантады дейді, алайда, қоғамға жар салып айтуға ұят, жағажайдағы дәретхана мен қол шаяр арнаулы орындар мәселесі шешімін тапса дейді.
Рима Алиахметова – қала тұрғыны:
«Ауа райына қарамастан бұл саябақта мен жиі жүремін. Өзіме ұнайды, таза және тыныш. Бірақ, ересектерге жеке қажеттіліктермен баратын дәретхана жоқ – сол проблема. Мына тұрғаны әрдайым жабық болады».
Рима Алиахметова атап өткен, бұл мәселе «Жол картасы 2020» бағдарламасы аясында жоспарланған жобалар қатарында дейді, мамандар. Бүгінде қаламызда 10 әжетхана орнату үшін 80 миллион тенге қаражат бөлінген. Яғни, адам көп шоғырланатын орындарда әйелдер, ерлер және ерекше қажеттіліктері бар жандарға арналған, арнаулы кабиналар орнатылады.
Мадияр Кодек – «Балқаш қ. тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары бөлімі» ММ бас маманы:
«Жұмыспен қамтудың жол картасы бағдарламасына сәйкес, қала бойынша 10 санитарлық гигиеналық құрылғыларды орнату жоспарланған. Яғни, санитарлық-гигиеналық құрылғы дегеніміз, ол қоғамдық дәретханалар. Бұл жұмыстар тамыз айына дейін жасалатын болады».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login