Оқушылар үшін «Соңғы қоңырау» және аттестат тапсыру шаралары бір уақытта, яғни маусым айының 3-і мен 4-і күндері, мектеп ауласында өтеді. Қоңырауға тек 11- сынып оқушылары ғана қатысуы қажет. Сондай-ақ, жас түлектерден мектеп формасында болу сұралады. Ашық аспан астында өтетін, адам өміріндегі маңызды сәтте, түлектер санитарлық талаптарды орындап, бетперде киіп, арақашықтықты сақтау қажет. Елдегі төтенше жағдайға байланысты салтанатты шарада адам саны да шектеулі болған жөн. Ал ,Ұлттық бірыңғай тестілеу 20 –шы маусымнан бастап еліміздің 168 пунктте штаттық режимде жүзеге асады.
Сондай-ақ, талапкерлер үшін, құжат тапсыруда өзгерістер күтіп тұр. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың хабарлауынша, болашақ студенттер, оқу орынына тапсыратын құжаттарды онлайн түрде egov сайты арқылы тапсыруға болады.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login