Кәріз құбырының әлегі

Мына тұрғындар Мұхаметжанов мөлтек ауданы, 20 – үйде тұрады.  Оларды мазалаған басты мәселе, кәріз желісінен шаққан жағымсыз иіс.  Үш жылға созылған бұл әлектен,  коммуналшылар хабардар болғанымен, тұрғындарға , тұщымды жауап қатар ешкім жоқ. Ел қатарлы аулаға шығып тыныстаудың өзі, арманға айналды дейді, тұрғындар.

Мына үйдің жанындағы құдықтан 2 жыл бұрын ақау шығып, кәріздегі қоқыстар шыға  бетіне шыға бастаған. Тіпті, лас су  үй ауласынан өтіп, балалар алаңына  жеткен.

Сәбит Манатаев – Мұхаметжанов м.а. №20 үй тұрғыны

«Асфальттан өтіп, балалар алаңына өтіп кетеді. Қыста да балалар осы жердегі мұзда сырғанайды. Ылғалдылықтан иіс соңына дейін кетпейді. Балалар тас лақтырып, мына жерде ойнайды. Иіс қатты, тұрақты».

Тұрғындардың айтуынша,  кәрізді мамандар тазартса да , иістен арылу мүмкін болмай отыр. Құбырдан шыққан, бұл әлектің зардабын, өзге үйлердің де тұрғындары тартып отыр.

Үй тұрғындары қала әкіміне жүгінген соң, КГКП «Балхаш Су» осы мекенжайды жөндеу жұмыстарының жоспарына қосты. Маусымның соңына дейін люктағы құбырды бір диаметрге ұлғайтуға уәде берді. Осылайша ақаулар болмауы тиіс. Коммуналды мекемелердің бұл бірінші уәделері емес, бірақ қазір қала әкімдігі мен біздің тілшілер жағдайды бақылауда ұстайды.

Әлібек Сақбаев, Әлібек Сақбаев – «Балқаш су» КМК басшысы

«Трубаның іші бітеліп қалады. Біз білмейміз, трубаның іші сынған ба, мүмкін бітеліп қалған ба. Оның ешқандай да айырмашылығы жоқ. Қысқа кесінді болған соң, биыл ауыстырамыз»

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login