«Балқаш қаласының аумағында карантин және карантиндік шараларды одан әрі жеңілдету туралы»

Құрметті Балқаш қаласының тұрғындары!
2020 жылдың мамыр айының 12 күнгі жағдай бойынша Балқаш қаласының аумағында коронавирустық инфекция тіркелген жоқ.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 11 мамырдағы Қазақстан Республикасында төтенше жағдай режимін аяқтау және карантиндік шараларды жеңілдету туралы өтінішіне сәйкес Балқаш қаласының аумағында Балқаш қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылдың мамыр айының 11 күні «Балқаш қаласының аумағында карантин және карантиндік шараларды одан әрі жеңілдету туралы» №16 қаулысы шықты:

1) 65 жастан асқан адамдарға аса қажетсіз көшеге шығуды шектеу;
2) бау-бақша (саяжай) учаскелеріне санитариялық шараларды сақтау арқылы шығуларын;
3) аулалық аумақ шегінде келесі ұсынымдар сақталған жағдайда тұрғындардың серуендеуі:
а) серуендеу уақыты таңғы 5 тен кешкі 10-ға дейін;
б)қол алысуды болдырмау, адамдар арасында кемінде 2 метр қашықтықты сақтау, маскалар тағу және антисептиктерді пайдалану;
в) жеке гигиенаны сақтау (қолды жуу құралдарымен жуу, санитайзерлерді (қолға арналған антисептиктерді пайдалану);
г) әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, 3 адамнан аспайтын немесе бір отбасы мүшелерінің саябақтарға, алаңдарға және скверлерге, ойын-сауық нысандарынсыз жағалауларға баруына рұқсат етіледі;
4) Тыйым салынады:
-14 жасқа дейінгі балалардың ересектерсіз қозғалуы;

  • отбасы мүшелерін қоспағанда, 3 адамнан астам адамдардың жиналуы;
    -бұқаралық іс-шаралар өткізу (отбасылық, естелік, оның ішінде зираттарға бару, ата-аналар күнін өткізу, мерекелік іс-шаралар, спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар, конференциялар, семинарлар, көрмелер және т. б. өткізу.);
    5) сауда және дәріхана нысандарына барған кезде, сондай-ақ жұмыс орындарында бір-бірінен кемінде екі метр қашықтықты сақтауға;
    6) респираторлық инфекцияның алғашқы белгілері (тұмау, түшкіру, температура) пайда болған кезде жедел медициналық көмекті 103 нөмірі бойынша шақыру арқылы медициналық ұйымдарға бармай, үйде медициналық көмекке дереу жүгінуге;
    7) адамды жерлеу рәсімін өткізу кезінде екі метрден кем емес арақашықтықты сақтай отырып 10 адамнан астам (негізінен алғанда отбасы мүшелері) жиналуына жол бермеуді қамтамасыз ету қажет.

2020 жылдың мамыр айының 12 күні сағат 00 :00-ден бастап келесі нысандар іске қосылады:

  1. Жалпы ауданы 500 шаршы метрден асатын (сауда үйлері, сауда орталықтары) жұмыс режимі сағат 20:00-ге дейін азық-түліктік емес тауарларын сататын нысандар;
  2. 10:00-ден 17:00-ге дейін тамақ өнімдерін бөлшек және көтерме сату жөніндегі базарлар;
  3. Жұмыс режимі сағат 17:00-ге дейін азық-түліктік емес базарлар;
  4. Балаларларға арналған коррекциялық нысандары (алдын ала жазылу бойынша);
  5. Мәдениет нысандары (жеке және топтық дайындық 30 адамға дейін)
  6. Моншалар, сауналар, спа-орталықтар;
  7. Тігін ательесі;
  8. Кеңселер;
  9. Саябақтар, скверлер, алаңдар, ойын-сауық нысандарынсыз жағалаулар.

Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып жұмысын жалғастырады:

  1. Ломбардтар, айырбастау пункттері, микроқаржы және микрокредиттік ұйымдар;
  2. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар компаниялары;
  3. Заң көмегін және кеңес беретін нысандар;
  4. Жалпы ауданы 500 шаршы метрге дейін азық-түлік емес тауарларды сату нысандары,
  5. Мерзімді баспасөз басылымдарын (газеттер, журналдар) сататын нысандар.
  6. Гүл дүкендері мен павильондар;
  7. Шаштараздар, сұлулық салондары және косметикалық қызметтер (алдын ала жазылу бойынша).
  8. Жарнама агенттіктері, баспаханалар;
  9. Жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар бойынша компаниялар (пәтер агенттіктері);
  10. Фотосалондар және фотостудиялар;
  11. Фитнес клубтар мен спорт секцияларының қызметі:
  • кіру тек жаттықтырушыларға рұқсат етіледі;
  • онлайн жаттығуларды, сондай-ақ жеке сабақтар мен жаттығуларды тек көшеде жүзеге асырылады.

Қызметті мынадай нысандарда тауарды тұтынушыға дейін жеткізу арқылы ғана жүзеге асыру:

  1. Қоғамдық тамақтану (кафе, барлар, кулинария, кофеханалар, донер, пиццериялар, тез тамақтану пункттері және т. б.) Бүгінгі күні келесі нысандардың жұмысы іске әліде қосылған жоқ:
  2. Мектепке дейінгі балалар мекемелері;
  3. Діни нысандар;
  4. Кинотеатрлар ;
  5. Компьютерлік, ойын клубтары;
  6. Бильярд, боулинг;
  7. Отыратын саны 50 және одан көп қоғамдық тамақтану нысандары (тойхана, мейрамханалар, кешендер);
  8. Спорттық-сауықтыру мекемелері, жүзу бассейні;
  9. Мектептен тыс білім беру нысандары.

Жұмыскерлердің денсаулығына жауапкершілік, коронавирустық инфекцияны жұқтыру және тарату қаупі үшін ұйымның меншік иесі және басшы жауапты!

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login