15 мың коммуналдық төлемнің берілу ережесіне өзгеріс енді

15 мың коммуналдық төлемнің берілу ережесіне өзгеріс енді. Яғни, төлем алушының атында дербес шот болмаса, төлем ол адам тұратын үйдің дербес шоты кімде соған берілетін болады. Бүгінде балқаштық 6200-ден аса тұрғынның төлем алу мүмкіндігі бар. Алайда, бір үйде 8 категорияның біріне  жататын бірнеше адам тұрса коммуналдық көмек тек біреуіне ғана тиесілі болады.

Мадияр Кодек – «Балқаш қ. тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары бөлімі» ММ бас маманы

«Бір үйде бірнеше адам тұруы мүмкін, бірақ бір үйден бір адамға ғана аударылады. Өйткені әрқайсысына бөлек-бөлек төлемейді ғой, яғни бір отбасынан бір адамға ғана төлейді. Мысалы, бір адамда екі үй болатын болса тек бір үйіне ғана төленеді.
Бүгінгі таңда енді 1000-нан астам өтініш түсті. Соның 600-ден астамы тексеріліп, төлемге дайын тұр. Тек қана облыстан ақшаның аударылуын тосып отырмыз».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login