15 мың коммуналдық төлемнің берілу ережесіне өзгеріс енді. Яғни, төлем алушының атында дербес шот болмаса, төлем ол адам тұратын үйдің дербес шоты кімде соған берілетін болады. Бүгінде балқаштық 6200-ден аса тұрғынның төлем алу мүмкіндігі бар. Алайда, бір үйде 8 категорияның біріне жататын бірнеше адам тұрса коммуналдық көмек тек біреуіне ғана тиесілі болады.
Мадияр Кодек – «Балқаш қ. тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары бөлімі» ММ бас маманы
«Бір үйде бірнеше адам тұруы мүмкін, бірақ бір үйден бір адамға ғана аударылады. Өйткені әрқайсысына бөлек-бөлек төлемейді ғой, яғни бір отбасынан бір адамға ғана төлейді. Мысалы, бір адамда екі үй болатын болса тек бір үйіне ғана төленеді.
Бүгінгі таңда енді 1000-нан астам өтініш түсті. Соның 600-ден астамы тексеріліп, төлемге дайын тұр. Тек қана облыстан ақшаның аударылуын тосып отырмыз».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login