Балқашта 15 000 теңге коммуналдық төлем үшін мыңнан аса өтініш түскен

Балқашта 15000 теңге коммуналдық төлем үшін мыңнан аса өтініш түскен.  Бұл өтінімдер тұрғындардан уатсап желісі, электронды пошта арқылы және тұрғын-үй коммуналды шаруашылығы мекемесіне жүгіну арқылы келуде.  Әзірге сала мамандары, өтініштерді қарастырып жатыр. Атаулы көмек бекітілген тұрғындар, төлемді аудару үшін өтініште тұрғын  үй иесінің   атына рәсімделген абоненттік жеке шотын көрсету керек. Ол коммуналдық кәсіпорындардың деректер базасымен салыстырылып, жеке шоттың бар-жоғын анықтауға қажет. Өтініш беріп үлгермеген азаматтар мамыр айының соңына дейін өтінім білдіре алады. Ал мамыр айына жасалатын төлем өтініштері маусымның бірінен бастап қабылданады.

Мадияр Кодек – «Балқаш қ. тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы,  жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары бөлімі» ММ бас маманы:

«15 мың теңге әлеуметтік төлем 2 айға, яғни сәуір, мамыр айларына жасалады. Төлем тиесілі 7 категориядағы тұлғалар өтініште жеке мәліметтерін, әлеуметтік статусын және әр коммуналдық мекемедегі жеке дербес шоттарын көрсетуі тиіс. Төлем тек 15 мың теңге сомасында ғана жасалады. Егер бұрыннан жиналып, төленбей қалған қарыз болса ол есептелмейді».

8(71036) 4-63-52, 8-778-852-39-99, WhatsApp, Telegram — 8-778-852- 39-99, 8-705-108-48-46 jkx.balkhash@mail.ru

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login