600-ге жуық балқаштық коронавируске тестілеуден өткен

Осы уақытқа дейін 600-ге жуық балқаштық коронавируске тестілеуден өткен. Ең бастысы барлық сараптама теріс нәтиже көрсетті. COVID-19-ға диагностикалау тек жекелей санаттағы азаматтар үшін тегін түрде өтеді. Олар, жүкті әйелдер, жедел респираторлық вирустық инфекциямен ауырғандар.

Тұрғындардан вирусқа тест алатын Динара Кочкарева әуелі, өзіне сақтық шараларын жасайды. Қорғаныш комбинезонын киіп, қос қолғап, бетперде, респиратор тағады. Сақтықта қорлық жоқ деген, осы  киінудің өзіне 20 минут уақыт кетеді.

Динара Кочкарова – Балқаш қ. №1 емхананың бас медбикесі

«Мына киімде демалудың өзі қиынға соғады. Қорғаныш киімін таңғы 8-де кигеннен жүреміз, түстенген соң, жұмысымызға кірісеміз».

Бұл тестілеуге  келгендер, бірден тіркелуден өтеді. Зертханалық сынаққа келушілерді әр емхана өз электронды базасына қарап жібереді.
Еліміз бойынша, тегін жасалатын бұл зертханалық тест бірінші кезекте, жүкті әйелдерге, жедел респираторлық вирустық инфекциямен ауырғандарға, сондай-ақ онкологиялық аурулары бар науқастарға жасалады.
Диагностикалау көп уақыт алмайды. Мұрын қуысынан жұғынды алынады. Сынаманы жабық ыдысқа салып, штрих-код қояды. Қарағанды қаласына жібергенше, тоңазытқышта сақтайды.

Динара Кочкарова – Балқаш қ. №1 емхананың бас медбикесі

«Арнайы таяқшаны мұрын қуысына салып, жұтқыншаққа жеткенше дейін шеңбер бойымен айналдырамыз. 2 күнде жиналған сынамаларды жедел-жәрдеммен облыс орталығына жібереміз».

Тест нәтижесі коронавирус ДНК-сына қарай анықталады. Сынама қорытындысын тек дәрігер ғана көре алады. Ал, үйден шығуға мүмкіндігі жоқ немесе дене температурасы бар адамдардан сынама алу үшін мамандар тұрғындардың үйіне барады. Ерікті түрде тест тапсырғысы келген балқаштықтар жеке клиникалық-диагностикалық зертханаға жүгіне алады.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login