Тәртіп сақшыларының сөзінше, карантин енгізілгелі бері қаламызда тұрмыстық зорлық-зомбылық саны азайған

Жергілікті полиция мәліметінше отбасында жанжал шығарып, тұрмыстық зорлық көрсеткені үшін 12 адам жазаланған. Ал 21 тұрғынды отбасылық кикілжіңге себепкер болғаны үшін есепке алған.

Жыл басынан бері 177 адамға жәбірленушімен қарым-қатынас жасауына шектеу қойылған. Оның 25-і ұйғарымды бұзған. Ол үшін 15 тәулікке қамауға алады, оған көнбегендерге қолданылар жаза ауыр болмақ. Тәртіп сақшыларының сөзінше, карантин енгізілгелі бері қаламыздағы тұрмыстық зорлық-зомбылық саны азайып отыр. 18 сәуірден бері 8 факт тіркелген. Өткен жылы бұл көрсеткіш 11-ді көрсеткен болатын.

Қайырбек Рахымбеков — Балқаш қ. полиция бөлімі басшысының орынбасары

«Отбасылық жанжалды болдырмау және алдын алу үшін полиция бөлімімен жыл басынан бастап қорғау нұсқамасын шығару амалдары қолданылады. Қазіргі уақытта 177 тұлғаға қорғау нұсқамасы шығарылған. Өткен жылы 162 тұлғаға қорғау нұсқамасы шығарылған болатын»

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login