Балқаштықтарға көшеде серуендеуге рұқсат берілді

Бірақ, тек өз үйінің ауласында сағат таңғы 5-тен түнгі 10-ға дейін ғана. Серуендегенде арақашықтықты сақтап, басқа адамдардан 2 метр алыс жүресіз. Қол беріп амандасуға болмайды, қорғаныш құралдарын тастамау қажет, адамдар көп жиналған орында жүрмеу керек. 14 жасқа дейінгі балалардың ересектердің қарауынсыз жүруіне, парктер мен саябақтарда серуендеуіне тыйым салынады. Тұрғындарға жеке көлікпен жұмысқа баруға және кері қайтуға рұқсат. Одан қалса дәріханаға, дүкенге, шұғыл жағдайда ауруханаға баруға болады. Сағат түнгі 22.00-ден таңғы 5-ке дейін автокөлікпен жүруге тыйым салынады. Ал, қаламыздың блок бекеттерінде әзірге ешқандай өзгеріс жоқ.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login