Балқаш қаласында коронавируске тестілеу басталды

Балқаш қаласында коронавируске тестілеу басталды. Бірінші кезекте ЖРВИ -мен ауырғандар тексеріледі. Сондай-ақ жүктілігі 38 аптадан асқан әйелдер, 1-ші сәуірден бастап босанған аналар , карантинде отырғандар, созылмалы тыныс алу жолы ауруы бар тұрғындар бірінші болып сараптамадан өтеді. COVID-19-ды жұқтыру қаупі бар медицина қызметкерлері де ерекше назарда. Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті департаменті, Ішкі істер департаменті және әкімшілік қызметкерлері де сараптамадан өтеді. Сондай-ақ, тергеу изоляторларында және уақытша ұстау изоляторында қамауда отырғандар да коронавируске тестілеу тапсырады.
 ЖРВИ — мен ауырғандар
 жүктілігі 38 аптадан асқан әйелдер
 1-ші сәуірден бастап босанған аналар
 карантинде отырғандар
 созылмалы тыныс алу жолы ауруы барлар
 медицина қызметкерлері
 Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті департаменті, Ішкі істер департаменті және әкімшілік қызметкерлері
 тергеу изоляторлары мен уақытша ұстау изоляторында қамауда отырғандар

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login