Балқаш қаласы бойынша 2020 жылдың 21 — сәуіріне арналған эпидемиологиялық жағдай

Бүгінгі күні коронавирус індеті тіркелген жоқ. Қазір еліміздің 143 азаматы карантинде. Олардың алтауы тәулік бойы стационарлық бақылауда болады. 137 азамат үй карантинінде. ⠀ ⠀

Стационарлық немесе үй карантиніндегі адамдар санының артуы, ол 14 күндік карантин мерзімінен өткен, алайда алынған сынаманың теріс нәтиже беруінен соң, сол адамдардың қайта қарантинге алынумен болып отыр. Сондай-ақ, бұл көрсеткішке жаңадан қосылған адам саны да қосылады.
Балқаш қаласына қіргізіліп отырған адамдар олар, еліміздің өзге облыстары мен қала, аудандарының, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің карантиндік аймақтарынан келіп отырған азаматтар. Олар блок посттардан арнайы рұқсат қағаз арқылы өткізіледі. Көбіне бұл азаматтар, Балқаш қаласының тұрғындары, олар қалаға кірген соң, бірден 14 күндік карантинге алынады. ⠀⠀⠀


Құрметті, Балқаш қаласының тұрғындары! Далаға тек азық-түлік, дәрі-дәрмекке деген қажеттілік туындаған жағдайда ғана шығуға рұқсат бар екенін ескертеміз.Үйде болғаныңыз маңызды. Өз денсаулығыңыз өз қолыңызда! 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login