Елдегі ТЖ байланысты шағын және орта бизнес өкілдері 1 қазанға дейін салықтан босатылады

Елдегі төтенше жағдайға байланысты шағын және орта бизнес өкілдері 1 қазанға дейін салықтан босатылады. Еліміз бойынша 700 мың кәсіпкерге жеңілдік жасалмақ. Жыл соңына дейін жеке кәсіпкерлер, жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен салық салуға қарамастан, жеке табыс салығынан босатылады. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері бойынша уақытша салық төлемейді. ТЖ кезіндегі бұл жеңілдік ірі сауда объектілері, сауда-ойын-сауық орталықтарына, кинозалдар, көрмелерге және қоғамдық тамақтану нысандарына, қонақ үй және туристік қызмет көрсететін ұйымдар да салықтан босатылмақ.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login