ТЖ байланысты мүгедектігін қайта куәландыру автоматты түрде 1 мамырға дейін ұзартылды

Төтенше жағдайға байланысты мүгедектігін қайта куәландыра алмағандарға автоматты түрде ағымдағы жылдың 1 мамырына дейін ұзартылды. Сонымен қатар сәуір айында толық төлем алмаған мүмкіндігі шектеулі жандарға қалған сома мамыр айында төленбек.
Төтенше жағдай кезеңінде сырттай медициналық-әлеуметтік сараптама алу үшін пациент терапевтке жүгінуі қажет. Дәрігер 088 формасын толтырып, сараптамаған жолдама береді. Өтініш берудің толық нұсқаулығын 1414 нөмері арқылы біле аласыздар. Айта кетейік, электронды сандық қолтаңбасыз азаматтар сырттай куәландырудан өте алмайды.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login