Жыл басынан бері Балқашта интернет сайттары арқылы 15-ке жуық алаяқтық қылмыс тіркелген

Жыл басынан бері Балқаш аумағында интернет сайттарында жасалған 15-ке жуық алаяқтық қылмыс тіркелген. Алданғандардың басым бөлігі әлеуметтік желілер мен сайттар арқылы арзан бағаға зат аламын деп сан соққан. Адамдардың сеніміне кіру үшін алаяқтар белгілі брендтердің атынан сайт ашып алудан тайынбайды. Сосын қызығушылық танытқан сатып алушыдан тауарға алдын ала төлем талап етеді. Түрлі банк шоттарын көрсетеді, тексеру барысында жалған адамдардың аттарына тіркелген болып шығады. Осы тұста полиция бөлімінің мамандары тұрғындарға интернет алаяқтардың құрбаны болмас үшін келесі шараларды сақтауға шақырады. Егер, алаяқтардан зардап шексеңіз 102 немесе 4 -16-39: 4-28-14 нөмерлеріне хабарласуларыңызды ескертеді

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login