Қарағанды облысының прокуратурасы «коронавирус» пандемиясымен байланысты жағдай бойынша жалған ақпарат таратуға жол берілмейтінің ескертеді.
Аталған әрекеттер үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 274-бабында жауапкершілік қарастырылғанын ескертеміз (5000 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе сол мөлшердегі түзеу жұмыстары, немесе 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру).
Шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат таратылған әлеуметтік желілер мен мессенджерлерге мониторинг жүргізу нәтижелері бойынша қылмыстық қудалау органдары бүгінгі күні сотқа дейінгі 4 тергеп-тексеруді бастады.
Мысалы, Балқаш қаласының тұрғыны мессенджерлерде «коронавирус» жұқтырған 300 адамды орналастыру үшін студенттерді жатақханадан шығарып жатқаны туралы жалған ақпарат таратқан. Аталған тұлға анықталы, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Жалған ақпарат таратқан тағы 3 тұлғаны анықтауға бағытталған шаралар қолданылуда.
Тұрғындарды шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат таратпауға және провакацияларға сенбеуге шақырамыз.
Аталған фактілерді айқындау үшін БАҚ-қа және әлеуметтік желілерге күнделікті мониторинг жүргізіледі, құқық қорғау органдарының барлық техникалық мүмкіндіктері бар, құқық бұзушыларға қатысты заң талаптарына сәйкес қатаң шаралар қолданылатын болады.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login