Қаламызда құрылған арнайы штаб өкілдері кафелер мен ойын-сауық орталықтарына рейд жасады

Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мобильді штаб сағат түскі 4-тен бастап рейдке шықты. Құрамында штаб басшылығы, құқық қорғаушылар және санитарлық-эпидемиялық станцияның маманы бар. Басты назарда халық көп шоғырланатын орталықтар. Олар: кинотеатр, бассейн, кафелер, спорт кешендері және компьютерлік клубтар.

Рейд қас қарайған уақытта да өз жалғасын тапты. Бұл уақытта ойын-сауық орталықтары мен кафелерде адам қарасы көп болады. Алайда, елімізде жарияланған төтенше жағдайға орай түнгі 22.00-ге дейін ғана рұқсат етіледі. Ал келушілер саны 50-ден аспауы қажет.
Сондай-ақ дезинфекциялық құралдар міндетті түрде болуы тиіс. Келушілер үшін кіре берісте санитайзерлер тұруы қажет. Ал табалдырықтағы аяқ сүрткіш шүберек 2 сағат сайын ауыстырылуы тиіс.

Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мобильді штабтың жұмысы алдағы уақытта да жалғаса бермек. Қойылған шектеулер мен тыйымдарға құлақ аспағандарға екінші ретте айыппұл салынбақ.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login