Балқашта ыстық су тарифін қымбаттатуға мәжбүр. Бұл туралы қала әкімі О.К. Таурбековтың төрағалығымен қалалық мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес өкілдері және ардагерлерімен өткен кездесуде хабарлады. «Су Жылу Транс» КММ директорының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары тарифтің көтерілуі туралы баяндама жасады. Оның айтуынша, «Су Жылу Транс Транс» КММ үшін, Балқаш ЖЭС тарапынан химиялық тазартылған суға тарифтің көтерілуі себеп болған. Өздеріңіз білетіндей 2019 жылдың тамыз айынан бастап 2020 жылдың ақпанына дейін Балқаш қаласының әкімдігі мен «Су Жылу Транс» КММ «Қазақмыс Энерджи» ЖШС-мен мәселені реттеу үшін Табиғи монополияларды реттеу комитетінің департаменті мен Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментін тартумен шаралар қабылдады. Сонымен қатар, осы мерзім аралығында «Су Жылу Транс» КММ шығындары 120 миллионнан астам теңгені құрады.
Наурыз айынан бастап есептегіш көрсеткіші арқылы есептесетін балқаштықтар үшін, енді химиялық тазартылған судың 1 текше метрі 146 теңге 16 тиын болмақ. Ал, бұрындары 129 тг 57 тиын болатын. Су Жылу Транс мекемесі тариф құнының көтерілуін Балқаш ЖЭС өз қызмет құнын қымбаттатуымен түсіндіріп отыр. Есептегіш құралынсыз ыстық су ақысын төлейтін тұрғындар үшін, тариф құны еш өзгеріссіз қала бермек.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login