Тарихты QR-код арқылы таны. Балқаштық еріктілер қаладағы 12 ескерткіштің штрихкодын жаңартты. QR-кодтар осыдан 2 жыл бұрын жабыстырылған болатын. Ерікті жастар оларды жаңартуда. Бірінші болып мәдениет сарайының алдындағы Мағауия Хамзин ескерткішінен бастады. Одан соң қала орталығындағы Ағыбай батыр ескерткішіне барды. QR-код арқылы ақпарат алу өте оңай, әрі ыңғайлы. Ұялы телефоныңыздың камерасын ашсаңыз болғаны. Ақпарат бірден экран бетінде пайда болады. Мемориалдың авторы кім, ол қашан ашылды, кімдерге арналған? Оның барлығы QR-кодта сақталған. Бұл тұрғыда еріктілердің балқаштықтарға айтары, туған жер тарихын жақсы білу үшін жасалған жаңа форматқа жауапкершілікпен қараса дейді.
Рахман Қасенхан –«Асыл мұра» бағытының лидері: «Біз 12 QR-код жабыстырдық. Күзге қарай басқаларын қамтамасыз етеміз. Және QR-кодтардың орнында қалып отыруына қарап отырамыз. Ұшып кетсе қайтадан орналастыру. Бұл QR-кодтар өткен жылы жабыстырылған болатын. Бұны қала тұрғындары дұрыс түсінбеген бе, жұлып тастаған, желмен ұшып кеткен. Қала тұрғындарына айтарымыз QR-кодтарға ұқыптылықпен қарасаңыздар!»
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login