Стоматологиялық қызметтер міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыру пакетіне кіреді. Тегін қызметтер халықтың жекелеген санаттарына ғана көрсетіледі. 18 жасқа дейінгі балалар, жүкті әйелдер, зейнеткерлер, мүгедек жандар мен көпбалалы аналар тегін түрде тіс жұлып, емдей алады. Протез, косметикалық процедуралар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакетіне кірмейді және ақылы түрде жүргізіледі
Балқаштықтар қала әкімі Ораз Тәуірбековке жеке сұрақ қоя алды. Қала басшысы азаматтармен бірыңғай кездесу өткізді. Тұрғындар өздерін мазалап жүрген мәселелерінің жауабын тапты.Қала әкімінің бірыңғай қабылдауына 30-дан астам адам қатысты. Тұрғындар коммуналдық, әлеуметтік, тұрғын үй және басқа да салалар бойынша өзекті мәселелер туралы сұрақтарын қойды. Қала басшысы әрқайсысын тыңдап, барлығына жауап берді. Кейбір мәселелерді шешуді жауапты мамандарға тапсырды. Айта кету керек, ертең сағат 11-ден бастап қала тұрғындары әкімнің жылдық есебін Мәдениет сарайында тыңдай алады
Апта басында облыстан келген бас имам балқаштықтармен жиын өткізген еді. Жиынның басты тақырыбы, қазіргі таңдағы жаназа мен жерлеу рәсіміндегі шариғат заңына сай келмейтін рәсімдер. Аста-төк дастархан, тойдың деңгейінен қалыспауда. Осы тұста Өмірзақ қажы жерлеу рәсімінде шариғаттан аттамаса екен деп, біршама нәрсеге ескертпе жасап еді. Бұған қарапайым халықтың көзқарасы қандай? Сауалнама айдары
Балқаштық әншілер мен кеш жүргізушілерін қалалық «Жас қанат» конкурсына шақырады. Өтінімдер 10 ақпанға дейін мәдениет сарайында қабылданады.Конкурсқа 16 мен 30 жас аралығында қала тұрғындары қатыса алады. Жас орындаушылар 2 кезең бойынша сынға түседі. Қазақ композиторларының немесе ұлы отан соғысы жылдарына арналған әндерден шырқайды. 2-ші кезеңде шет тілінде бір шығарма орындаулары шарт. Әр кезеңде 5 минуттан аспау қажет. Әншілермен бірге жүргізушілер де өз бақтарын сынайды. «Жас қанат» байқауы 19 ақпан күні сағат 4-те Мағауия Хамзин атындағы мәдениет сарайында өтеді
Балқаштық студент бокстан Қазақстан чемпионы атанды. Қаламыз үшін — бұл үлкен жетістік. Осы уақытқа дейін Балқашта 48 келі салмақта, қыздар арасында бокстан чемпион болған емес. 15 жастағы Гүлназ Бурибаева жеңіске жету үшін 4 кездесу өткізген. Бокстан республика чемпионатының жеңімпазы Гүлназ Бурибаеваны денешынықтыру-сауықтыру кешенінің ұжымы мен тәлімгерлері қарсы алуда. Жасөспірімдер арасындағы чемпионат Екібастұз қаласында, өткен аптада аяқталды. Оған еліміздің барлық өңірінен 200-ге жуық боксшы қатысты. Екібастұз қаласында өткен чемпионатта Гүлназ салмақ дәрежесі 48 келі, 4 қарсыласымен кездескен. Ақмола, Түркістан және Жамбыл облысының спортшыларын жеңді. Финалдық кезеңде облысымыздың боксшысымен кездесіп, оны да ұтып, чемпион атанды. Денешынықтыру-сауықтыру кешенінің тәрбиеленушісі Гүлназ ұл балалар арасындағы жалғыз қыз болғандықтан, олармен бірге дайындалатын көрінеді. Гүлназ қазіргі таңда Балқаш колледж сервисінің 1-ші курс студенті. Бос уақытында сурет салып, кітап оқығанды жақсы көреді. Боксқа денешынықтыру мұғалімінің шақыруымен келген бойжеткен, бүгінгі таңда осындай жетістікке жетемін деп ойламаған. Бүгінде спортшының қоржынында бірнеше қала, облыс және республика чемпионаттарынан 20-дан астам жүлделі орындары бар. Гүлназды 2 жыл бойы жаттықтырып жүрген бапкер, боксшыдан бұдан да үлкен жетістіктер күтетінін айтады. Ендігі кезекте ол алғаш рет ҚР атынан наурыз айында Венгрия елінде өтетін жасөспірімдер арасындағы 34-ші халықаралық турнирге қатыспақ. Ал тамыз айында Оман мемлекетінде болатын «Азия балалары» чемпионатында бағын сынайтын болады
Бокстан жасөспірімдер арасында өткен республика чемпионатында тағы бір жерлесіміз 2 дүркін чемпион атанды. Екібастұз қаласындағы жарыста спортшы 3 қарсыласымен кездесіп, бас жүлдені қанжығасына байлаған.15 жастағы Камила Бажбенова 75 келі салмақта өнер көрсетті. Спорттық додада Қостанай мен Атырау қалаларының спортшыларын айқын басымдықпен жеңіп, финалға жолдама алған. Шешуші кезеңде Алматы қаласының боксшысымен кездесіп, 1 раундта жеңіске жетті. Камила Бажбенова алғаш рет 2019 жылы сәуір айында Арыс қаласында өткен республика чемпионатында жеңімпаз атанған. Бүгінде жас боксшының қоржынында қалалық, облыстық және республикалық чемпионаттың 20 алтын, 1 күміс, 2 қола жүлдесі бар
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login