Үкіметтік емес ұйымдар өз қызметі туралы мәліметті ұсыну қажет

Үкіметтік емес ұйымдар өкілдері Дерек базасын қалыптастыру үшін, қызмет туралы мәліметті уақытылы ұсыну қажет. Ақпарат ұсыну мерзімі 2020 жылдың 31 наурызында аяқталады. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі хабарлады. Қазіргі таңда Балқаш қаласындатіркелген 67 аталмыш ұйым бар. Олардың өкілдері infonpo.kz сайтындағы электрондық есеп беру нұсқасын уақытылы толтырулары қажет. Бұл әлеуметтік жобаларды немесе бағдарламаларды және мемлекеттік гранттарды іске асыруға арналған конкурсқа қатысу үшін міндетті шарт болып табылады.  Есеп беру кезінде сұрақтар туындаған жағдайда «Балқаш қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ-сінің 4-50-33 номіріне хабарасуға болады.

Акжол Монголкан  «Балқаш қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ сектор меңгерушісі: «Құрметті үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі 1 қаңтардан 31 наурызға дейін ҮЕҰ дерек қорына қабылдау науқаны басталғанын хабарлайды. Осы дерек базасына  тапсырмаған ҮЕҰ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарға және де гранттарға қатыса алмайды»

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login