Қаламызда дебат ойыны өтті

«Сарыарқа саңлағы». Облысымызда бастау алған жоба аясында қаламызда дебат ойыны өтті. Оған барлық қала мектептерінен 70-ке жуық оқушы қатысты. От тілді, орақ ауызды қыздар мен ұлдар өз ойларын ортаға салды.

М.Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясын мектеп бағдарламасына факультатив ретінде қосу керек. Бұл үкімет позициясындағы спикер Әлішер Мұраттың ұстанымы. 16 мектептің 9 «А» сынып оқушысы дебат алаңында былтырғы жылдан жүр. №24 мектеп пікірсайышыларымен өткен алғашқы ойында Әлішердің командасы алға шықты.

Әлішер Мұрат – дебат қатысушысы: «Қазіргі ұрпаққа менің ойымша «Абай жолы» романы  ауадай қажет деп ойлаймын. Себебі, неге қазіргі ұрпақ көз алдымызда бұзылып бара жатыр. Олардың сөйлеу мәнері бұзылып бара жатырАл енді «Абай жолы» романынан үзінді келтіре кетсем Абай мектептен келгенде жүгіріп бірінші анасына амандасады.  Ол анасы не дейді бірінші әкеңе амандас дейді. Асқар тау әкең бар. Осы жерден-ақ аңғаруға болады. «Абай жолында» қаншама өнеге, тәлім-тәрбие жатқанын»

Дебаттық турнир қазақ және орыс лигасы арасында өтті. Қарарлар Абай Құнанбаевтың, Әл-Фараби мен басқа да көрнекті ойшылдардың шығармашылық мұрасына арналды. Пікірсайысқа 5 қарар алынған. Бүгінгі турнир «Сарыарқа саңлағы» облыстық жобасының бірінші кезеңі болды. Алдағы уақытта  тағы 2 кезең өтеді. Оқушыларға ойындарда колледж қабырғасындағы аға буын дебатшы студенттер төрелік етуде.

Назым Қалиақпар – дебат ойындарының ұйымдастырушысы: «Бұны бізде политехникалық ИДК «Жұлдыз» командасы, клубы бар сол клубтың мүшелері және Балқаш көпсалалы колледжінің, Балқаш медициналық колледжінің студенттері төрешілік етеді. Бұл негізінде 3 кезеңнен тұрады 1 кезеңі 9 қаңтар мен 9 наурыз аралығында өтеді. Әр айда тақырыптары бар. Бүгін өтіп жатқан дебаттық турнир «Адамгершілік және рухани тазалық» тақырыбында өтіп жатыр»

Турнир қорытындысы бойынша қазақ лигасында 1-ші орын №8 мектептің «Өркен»  тобында. 2 және 3 орын 7 мектеп-гимназиясының «Сәкен жастары» мен 25 орта мектептің «Болашақ» командасында. Үздік спикер атағы №25 мектеп оқушысы Төлеухан Әділханда. Орыс лигасында үздік атанған 4 орта мектептің «Жігер» тобы. Ал 10-шы мектеп пен №17 мектеп-лицейінің командалары күміс және қола жүлде иегерлері. Орыс лигасында «Үздік спикер» 4 мектеп қатысушысы Инесса Трубина

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login