Қарағанды облысының полицейлері заңсыз балық аулаған Шұбар Түбек елді мекенінің 2 тұрғынын ұстады. Олардан 2000 метрге жуық қытай торы мен 100 келіден астам балық тәркіленді.
Заңсыз балық аулаушылар «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде анықталған. 6 қаңтар күні Ақтоғай ауданындағы Шұбар Түбек кентіне жақын жерден ВАЗ-2105 көлігін тізгіндеген 43 жастағы және УАЗ көлігін басқарған 46 жастағы екі ауыл тұрғындары ұсталды. УАЗ автокөлігінің ішінен 95 келі балық пен 1400 метр қытайлық тор табылды. Сондай-ақ, ВАЗ 2105 автокөлігінің жолаушылар бөлімінде 300 метр қытай торы мен 6 келіден астам балық болған. Ұсталғандар өздерінің Балқаш көлінен заңсыз балық аулағандарын мойындады.
Жаңатай Сембеков — Қарағанды облыстық ПД баспасөз хатшысы: «2020 жылдан бастап Қазақстанда заңсыз аңшылық және балық аулау, тәртіп бұзу қатарынан шығарылып, орта деңгейдегі қылмыс санатына жатқызылатын болады. Ондай қылмыстар үшін келесі жаза түрлері қарастырылған. Қорықта заңсыз аңшылық пен балық аулағаны үшін 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру; қару-жарақтар, көлік пен мүлікті тәркілеу»
Телеканал "Оркен- Media" Балхаш © 2017 Все права защищены.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login