Балқаштық бишілер Халықаралық конкурстың жеңімпазы атанды

Балқаштық бишілер Халықаралық конкурстың жеңімпазы атанды. Шығармашылық фестиваль Алматы қаласында өтті. Оған 7-13 жас аралығындағы Өзбекстан, Нұр-сұлтан, Қарағанды, Ақтөбе, Ақтау және Балқаш қалаларынан келген 70-ке жуық бала қатысты. Сайыста «Ақ Маржан» хореографиялық ұжымының 2 тобы шаһарымыздың намысын қорғады. Балқаштық бүлдіршіндер құрамы «Ковбой» биін билеп, Гран приге ие болды. Ал ұжымның ортаңғы тобы мысыр биі үшін 1 орынды қанжығаларына байлады. Ансамбльдің қатысушысы Тамерис Серікхан болса, жеке өнер көрсеткен үшін үздік атанды. 

Тамерис Серікхан – «Ақ Маржан» ансамблінің әртісі: «Біз конкурсқа 1 жылдай дайындалдық десем де болады. Және де конкурстың алдында өте қатты қобалжыдым. Себебі мен сольный биіммен бірінші рет шықтым. Орын аламын деп ойлаған жоқпын. Бірақ қазір қуаныштымын орын алғаныма»

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login