Өнер мектебінің оқушылары Күләш Байсейтова атындағы шәкіртақы иегерлері атанды. Жыл сайын берілетін бұл сый биыл екі оқушыға тағайындалған. Күләш Байсейтова атындағы шәкіртақы өнер мектебінде соңғы жыл оқитын түлектерге беріледі. Өнер мектебінде шығармашылығымен көзге түсіп, республикалық, халықаралық конкурстардың жүлдегері болған шәкірттерге тағайындалады. Биыл бұл марапатқа 2 оқушы лайықталған. Бірі флейта класының оқушысы Дана Исламғалиева, екіншісі скрипка класының түлегі Анел Малыбаева. 7 жыл қатарынан беріліп отырған шәкіртақы, биыл өнер мектебінің 2 оқушысына 5 мыңнан желтоқсан айынан бастап оқу жылының соңына дейін төленетін болады.
Гүлжаһан Жексембекова – өнер мектебінің директоры: «Биыл осы стипендияны алу үшін көп үміткерлер болды. Үміткерлеріміз өте әлді болды. Соның ішінен біз 2 үміткерді таңдап алдық. Әрине ең бастысы мен ойлаймын ата-анаға болсын, балаға болсын бұл қаржы өте үлкен бір рөл атқарады деп ойламаймын. Ең бастысы бұл балаға деген, ата-ананың, мектептің артқан үміті. Ақталған сенім, ақталған үміт»
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login