Балқаш жаңалықтары 04.12.2019

  1. Келесі жылдан бастап арнайы салық режимін қолданушы шағын бизнес өкілдері кіріс үшін төлейтін салықтан босатылады. 2020 жылдан бастап шағын бизнес өкілдері кіріс үшін төлейтін салықтан 3 жылға босатылады. Жер қойнауын пайдаланушылар,  акцизделінетін тауар өндірушілер, ойын бизнесі және сыртқы экономикаға қатысушыларға бұл жеңілдіктер жүрмейді. Бұл жағдай кәсіпкерлердің кедендік, салықтық комиссия және қылмыстық іске байланысты тексерістерден босатылады деген сөз емес. Шағын және орта кәсіп өкілдері онлайн төлемдерді атқаратын кассалық аппараттар мен POS-терминалдарды іске қоса отырып, кіріс пен шығыс туралы салықтық есеп беріп отырулары қажет екен
  2. Балқаш қаласындағы балабақшалар бүлдіршендердің ойлау қабілетін дамыту және олармен жұмыс істеу әдістерімен өзара бөлісті. Қаламызда мектепке дейінгі білім беру ұйымдары қызметкерлерінің қатысуымен облыстық форум өтті. «Ертөстік» балабақшасының қызметкерлері ерекше қажеттіліктері бар балалармен қалай жұмыс істеу керектігін үйретті. 9 жыл бұрын бұл жерде 2 түзету бөлмесі ашылған болатын. Бұдан бөлек, шара барысында қаламыздағы 4 балабақша орталығының жұмыстары таныстырылды. Атап айтсақ, халықтық педагогика, мектепке дейінгі жастағы балалардың денсаулығын қалай сақтау керектігі және бүлдіршіндерге дойбыда ойнауды үйрету тәсілдері көрсетілді. Балқаштық балабақшалардың қолдан жасалған өнерлері көрмеде көрсетілді. Әр мекеме өздерінің жұмыстарымен таныстырды. Олардың арасында «Жұлдыз» балалабақшасы да бар. Мекеме қызметкерлері бүлдіршіндермен бірлесіп асықтан түрлі заттар жасаған көрінеді. Мәселен, бұл жерден ерекше музыкалық аспаптарды да, киіз үйді де, есепшотты да, тіпті уқалау процедурасына арналған жабдықтарды да көруге болады. Қаламызда мектепке дейінгі ұйымдардың қызметкерлеріне арналған форум екінші рет ұйымдастырылып отыр. Біріншісі былтыр қалалық деңгейде, ал биыл облыстық дәрежеде өтті. Балқаштық балабақшалардың жұмысымен  көрші аудандар мен облыстан келген мамандар танысып қайтты
  3. Жаңа жылға қандай сыйлық қалайсыз? Қолыңызға қағаз бен қалам алып Аяз атаға хат жазыңыз. 4 желтоқсан осындай атаулы күн, бұл мереке қыстың ғажайыбына сеніп, тосын сый күтетіндердің күні. Бұл істің нағыз шеберлері деп балаларды айтсақ болады. Ал үлкендер ше? Олардың жаңа жылға деген талап-тілегі қандай? «Жаңа жыл кеші арман-тілектердің, ғажайыптардың орындалатын кезі. Жаңа жылдан жақсылықтар, жағымды тосын сыйлар күтеміз. Ең бастысы бұған шың көңілмен сену»
  4. Волейболдан ең үздік мектеп командасы кім? Оны анықтау үшін 14 мектеп волейболшылары  екі апта бойы өзара сынға түсті. Финалдық кезеңде 4 құрама ойнады. Негізгі ойындар денешынықтыру-сауықтыру кешенінде өтуде. №15 лицей мен 16 мектеп оқушылары чемпион атағына таласуда. Алғашқы екі ойында есеп бірдей болды. Соңғы ойын шешуші сәтке айналды. Нәтижесінде 2:1 есебімен 15 лицей волейболшылары үздік атанды. Мектеп оқушыларының спартакиадасы 19 қарашада басталған болатын. Оған қатысушы 14 команда өзара 2 топқа бөлінген. Ойындар айналмалы жүйеде өтті. Финалдық кезеңге 4 құрама команда жолдама алған. №7 гимназия мен 25 мектеп оқушылары өзара 3-ші орынға таласады. Нәтижесінде қола Қоңырат мөлтек ауданының командасына бұйырды. Жеңімпаздарға кубок, медаль және мақтау қағаздары табыс етілді
  5. Балқаштық спортшылар жапондық жауынгерлік өнерден сынға түсті. Үздік дзюдошылар жасөспірімдер арасындағы ашық чемпионатта анықталды. Жарысқа Балқаш, Ақтоғай, Сарышаған және Қонырат шағын ауданынан келген 100-ге жуық спортшылар қатысты.Дзюдошылар 30-дан 90 кг-ге дейінгі 12 салмақ санатында сынға түсті.  Татамиға алғашқы болып ұлдар, одан кейін қыздар шықты.Денешынықтыру сауықтыру кешені мен балаллар мен жасөспірімдер спорт мектебі командаларының дзюдошылары ең жақсы көрсеткішті көрсетті. Спортшылар 1-ші және 2-ші орынға ие болды. Ал үшінші орынды Қоңырат шағын ауданының дзюдошылары қанжығаларына байлады. Жеңімпаздар медальдармен, мақтау қағаздарымен марапатталды.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login