Балқаш қаласының аумағында «Участок» жедел іс-шаралары өтуде

Тыйым салынған уақытта ата-ана қарауынсыз далада жүрген 40-тан астам бала ұсталды. Кәмелетке толмағандар құқық қорғаушылар арнайы рейд жүргізген кезде қолға түсті. 2 ай бойы 40-қа жуық полиция қызметкерлері  үй аралап, 19 мың пәтерге барған. Оның ішінде 300-і жалдамалы, 2500-ден астамы жеке үй. Рейд барысында полиция бұрын сотталған үш мыңға жуық тұрғынмен, жанжал жиі болатын отбасылармен және шетелдіктермен профилактикалық жұмыс жүргізді. Одан бөлек қоғамдық орындарда алкогольді ішімдік ішу, темекі шегу және ұсақ бұзақылыққа қатысты 400 факт анықталды. Қала бойынша ешбір жерге тіркелмегені үшін 60 шетелдікке айыппұл салынды. Қыркүйек айының ортасынан бастап тәртіп сақшылары 2 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтаған.

Қайырбек Рахымбеков Балқаш қаласының полиция бөлімі басшысының бірінші орынбасары: «2019 жылдың 15 қыркүйегі мен 10-шы желтоқсан аралығында Балқаш қаласының аумағында «Участок» жедел іс-шаралары өтеді. Осы уақыт аралығында полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары үйлерді аралап, халықпен танысады. Сондықтан халықтан түсінікпен қарауды өтінемін

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login