«Тілдер орталығында» балалардың сауаттылығы тексерілді. Диктантқа әр мектептен 2 оқушыдан барлығы 24 бала шақырылған. Олар бақылау жұмысын аудио жазба бойынша жазды. Ол үшін 25 минут уақыт берілді. Ал өзге жоғары сынып оқушылары латын графикасына негізделген диктантты мектепте жазды. Кейін тілдер орталығының мұғалімдері диктантты тексеріп, бағасын шығарды. Ұйымдастырушылар бақылау жұмысын қатесіз жазып шыққан ұл мен қыздарды марапаттауды ұмытпады. 9 оқушы диплом мен бағалы сыйлыққа ие болды. Жас ұрпақтың сауаттылығын арттыруға бағытталған шара соңы флешмобқа ұласты. Топтық биге 8 бен 9 сынып оқушыларынан құралған 100 бала қатысты.
Гаухар Айтбақаева – облыстық тілдерді оқыту орталығының әдіскері: «Бұл шараның мақсаты — жасөспірімдер және жастар арасындағы шығармашылықты дамыту және де жастар жылы аясында латын графикасын кеңінен насихаттау болып табылады. Жастар арасындағы және тұрғындар арасындағы көз дағдыларын дамыту, таныстыру мақсатында әрбір жерлерде ұйымдастырылуда. Яғни, таныстыру жұмыстары»
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login