Ғалым, тарихшы, сәкентанушы Марат Абсеметовпен кездесу өтті

Балқаштың тарих пәні  ұстаздары ғалым, тарихшы, сәкентанушы Марат Абсеметовпен кездесті. Профессор  Сәкен Сейфулиннің 125 жылдық мерейтойына орай Балқашқа арнайы шақыртылған. Кездесу №15 мектеп-лицейінде өтті. Марат Әбсеметов — ҚР Көркем Академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы, филология ғылымдарының кандидаты, профессор. Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының Мұхтар Әуезов атындағы сыйлығының тұңғыш лауреаты. Қазіргі таңда ғалымның 20 -ға жуық еңбектері бар. Кейбірі ағылшын, испан тілдеріне аударылған.  Кездесуде  «Кенесары ханның бас батыры — Шұбыртпалы Ақжолтай Ағыбай» туралы шежірісін Балқаш қаласының мемлекеттік архивіне сыйға тартты.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login