Демалыс күндері 30-ға жуық адам құқық қорғаушылармен бірге қаланы аралуға шығады. Полицейлерге өз қалауымен көмектесуге 29 ерікті келіскен. Олардың оны «Жауынгерлік бауырластық» қоғамдық бірлестігінің мүшелері. Ауған соғысының ардагерлері. Әрқайсында қоғамдық тәртіпті бақылаушы екенін дәлелдейдін куәлігі бар. Жыл басынан бері «Жауынгерлік бауырластық» бірлестік мүшелерінің көмегімен 180 әкімшілік құқық бұзушылық пен 23 қылмыс анықталған. Бұл қызметі үшін 2019 10 адам материалдық сыйақы алған. Еріктілерді ынталандыру мақсатында қалалық әкімдіктен 300 мыңға жуық қаржы бөлінген
Балқаштық құтқарушылар қыста болатын төтенше жағдайларға қаншалықты дайын. Оны тексеру үшін арнайы кұрам судан құтқару бекетіне жиналды. Қалада «Қыс-2019» оқу-жаттығуы өтті. Су полициясы, ТЖ мамандары, «Қазақтелеком» қызметкерлері, авариялық-құтқару қызметі мен дәрігерлер бекітілген жерде сап түзеді. Қыста ТЖ кезінде қажетті 7 техника да осында әкелінген. Оның ішінде жылытқыш пункті, жол талғамайтын көлік пен жедел жәрдем көлігі бар. Арнайы құрылған комиссия жеке құрамның дайындығын, құтқару жабдықтары мен дәрі-дәрмектердің жинастырылуын тексерді
Теміржол вокзалында қалған қызметтердің жұмыстары тексерілді. Сапта 17 бірлік техника мен 30-дан астам маман сақадай сай тұр. Бұл құрылымдар жолда қалып, далада зардап шеккен адамдарға көмекке келеді. Сонымен қатар, қаладағы қолайсыз ауа-райы кезінде тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Барлық қызметтердің дайындығын қала әкімінің орынбасары мен ТЖ басқармасының басшысы тексерді
Ақын, жазушы Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдық мерейтойына орай ақынның есімімен аталған №7 мектеп гимназиясының маңына 125 түп терек отырғызылды. Тал егу шарасына Қазақмыс корпорациясы және «Экосфера» үкіметтік емес ұйымы демеушілік көрсеткен. Ал 100 ден аса көшетті отырғызуға мектеп түлектері, оқушылар, ата-аналар, қала жастары және «Үркер» қауымдастығы атсалысты. Қатып қалған жерді қопсытып, оны қара топырақпен құнарландыруға «Зеленстрой» мамандары көмектесті. Енді жас талдарды күтіп баптау мектеп ұжымының міндеті
«Ветерок» ансамблінің бишілері Нұр-Сұлтан қаласында өткен халықаралық «ProТанцы.kz» чемпионатында үздік атанды. Балқаштық өнерпаздар орындаған барлық билер 1 орынға лайық деп танылды. Струсинскилер атындағы ансамбль конкурсқа 4 бимен барған. 8-10 жастағы қыздар көрермендер назарына ұлттық нақыштағы «Балдырған» және эстрадалық «Конфеты» қойылымын ұсынса, 14-пен 17 жас аралығындағы жасөспірімдер татар және қазақ халқы биімен ортаға шықты. Әділ қазылар алқасы 4 қойылымды да жоғары бағалап, бірінші орынға лайық деп таныған. Балқаштық өнерпаздар кубок, медаль, диплом және естелік сыйлықтарымен марапатталды. Онымен бірге келесі жылы Түркияда өтетін музыкалық жарысқа шақырту алды
Бүгін Балқашта алғашқы қар жауды. Синоптиктердің айтуынша, аппақ ұлпа таңғы алты жарымнан бастап жауа бастаған. Күндізгі сағат 11-ге дейін оның қалындығы 1 миллиметрден асты.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login