«Сауатты имам — жамағат бірлігінің кепілі» атты семинар өтті

Осындай атаумен Балқашта дін қызметкерлеріне арналған семинар өтті. Ол үшін Алматыдан «Нұр Мүбәрәк» университетінің ұстазы Ризабек Баталұлы шақырылды.  Семинар жастар ресурстық орталығында ұйымдастырылды. Оған Балқаш қаласының, Саяқ, Приозерск кентінің, Қоңырат мөлтек ауданының имамдары және ақпараттық түсіндіру тобының өкілдері  қатысты.  Жиында исламтанушы-ғалым «Ислам мәдениеті», «Дін және ғылым»,  «Діни экстремизм» тақырыптары бойынша лекция оқып, діни терминологияны дұрыс қолданып, дұрыс жеткізе білу керектігін түсіндірді. Соңында барлық қатысушыларға сертификат берілді.

Еркін Балмағанбетов -жастар айлағы қоғамдық бірлестігінің төрағасы:«Балқаш қаласында «Жастар айлағы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен екі күндік уағыз және семинар дін тақырыбына байланысты ұйымдастырылып жатыр. Екі күндік уағыз біз мешітте ұйымдастырып жатырмыз. Қоғаммен қалай дұрыс жұмыс істеуге болады. Осындай ауқымды тақырыптарды семинарда талқылап, шешіп жатырмыз

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login