Оқушылар сарайында патриоттық акция өтті

Мемлекеттік күзет қатарына кімдерді қабылдайды. Балқаштық жастар осы сауалға жауап алды. Оқушылар сарайында патриоттық акция өтті. Шара «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС бас директоры Әділет Барменқұловтың бастамасымен ұйымдастырылды. Оған политехникалық колледж студентері, жас зауыт жұмыскерлері және «Ұлан» сыныбының оқушылары шақырылды. Олармен кездесуге запастағы полковник Талапқали Әміров, мемлекеттік күзет полковнигі Болат Исмайлов, подполковник Георгий Демченко және шекара қызметінің контр адмиралы Кенжеберген Әбікеев келді. Ардагер офицерлердің барлығы қазіргі таңда «TF–Security» агенттігінде бірнеше жылдан бері «Қазақмыс Смэлтинг» компаниясының қауіпсіздігіне жауап береді. Әр қонақ өз қызметі жайлы әңгімелеп, жастарды отанға адал болуға шақырды.

Кенжеберген Әбікеев – шекара қызметінің контр-адмиралы: «Өз білгенімізді үйретеміз…Келесі жылда ұйымдастырамыз ба деген ойымыз бар

Ал жастар болса қонақтардан мемлекеттік күзетке қалай түсуге болатынын, ол үшін қандай мемлекеттік университетте оқу керектігін сұрады. Қыздар да өз қызығушылығын байқатты. Сұрақ жауаптан кейін, политехникалық колледж студенттері мен «Ұлан» сыныбының оқушылары  өнер көрсетті.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login