Оразғали Мұхаметжанов Талдықорғанда ардагер спортшылар арасында өткен Республикалық чемпионаттан екі бірдей жүлдемен оралды. Жарысқа еліміздің түкпір түкпірінен 300-ге жуық палуан жиналған. Соның арасындағы 10 спортшы Қарағанды облысының намысын қорғады. Балқаштан жалғыз барған Оразғали Мұхаметжанов бұл дүбірлі дода да екі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Өз салмағы 60 келіде чемпион атанса, 66 келіде салмағы басым балуандармен күресіп, қола жүлдеге ие болды. 51 жастағы Оразғали Мұхаметжанов балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде қазақ күресінен жаттықтырушы болып қызмет етеді. 15 жыл жасөспірімдерге білгенін үйретіп, облыс, қала, република жүлдегерлерін тәрбиелеуде.
Оразғали Мұхаметжанов — қазақ күресінен спорт шеберлері арасындағы ҚР чемпионатының жеңімпазы: «Енді дзюдодан әлем чемпионаты бар дейді. Марокка қаласында. Соған да ақылдасып, негізі әр жарысқа дайынбыз. 3 группам бар, түске дейін 1 группа, түстен кейін 2 группа
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login