Спорт кешендері балаларды үйірмелерге шақырады

Дене шынықтыру сауықтыру кешенінде волейболдан өзге бірнеше секция жұмыс жасайды. 7 жастан дойбы, 9 жастан дзюдоға қатысуға болады. Тоғызқұмалақ, қазақша күрес сынды ұлттық ойын түрлері бар.

Үстел теннисі, бокс, кикбокспен айналысқысы келетіндерге «Металлург» стадионына барса болады. Футбол ойнауға арналған үлкен жасыл алаң да осы жерде.  Аяқ допшылар 8 жастан бастап 17-ге дейін қабылданады. Үстел теннисіне 9, боксқа 10 жастан бастап жазылуға болады.

Балалар және жасөспірімдер мектебі болашақ жеңіл атлетшілерді дайындайды. Қаладағы жүгіруге арналған жалғыз зал мен жаттықтырушы осы мектепте. 9-дан 14 жасқа дейінгі оқушылар тегін жаттығады. Спорт мектебінде бұдан өзге тағы бірнеше секция бар.

Жанар Сәкенова – БЖСМ оқу-ісі жөніндегі орынбасары: «Баскетбол түріне келетін болсақ, 8-ден 10 жасқа дейін, волейболға 9-дан 11-жасқа дейін, жеңіл атлетикадан 9-дан 11 жасқа дейінгі әр түрдің өзінің жасына сай. Еркін күрестен 10-12 жасқа дейін балалар келеді бізге. Яғни олар сағат 8 жарымнан кешкі сағат 8 жарымға дейінгі аралықты бағыттайды

Одан бөлек оқушылар сарайында  ад биыл жаңа үш спорттық секция ашылды. Мұнда балқаштық оқушылар  7 жастан  бастап дзюдоны үйренсе, 9 жастан бастап бокс пен шағын футболдың қыр сырын меңгереді.

Әли Жукин – жаттықтырушы: «Бізде оқушылар сарайында бокстан мини футболдан  6 секция ашып жатырмыз. Үшеуі футбол, үшеуі бокс болады. 9-14 жас аралығындағы қыздар мен ұлдар қатыса алады. Келсін, дайындалсын, бәрі тегін»

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login