Ақын, еңбек ардагері Петр Кушнеров кеше өмірден озды. Ол биыл 75 жасқа толған еді. Алайда кейінгі жылдары денсаулығы сыр беріп, хәлі аяқ асты нашарлаған. Оның Балқаш қаласына сіңірген еңбегі зор. Петр Кушнеров Балқашқа Украинадан 1962 жылы 18 жасында келген. Мамандығы бойынша металлург. Содан Балқаш металлургиялық комбинатқа қақтаушының көмекшісі болып жұмысқа орналасады. Кейін құюшы, зертханашы, технолог және бөлім басшысы болып еңбек еткен. Тіпті зейнетке шықса да қызметін тастамаған. Петр Кушниров тек өндірістегі еңбегімен емес шығармашылығымен де есте қалды. Жұмыс істей жүріп, Ленинград мемлекеттік театр институтын бітірген. 1964 жылы Балқаш халық театрымен бірге Мәскеуде Кремль сарайында өнер көрсеткен. Одан бөлек Петр Кушнеров қала телесудиясында диктор болып қызмет еткен. Өлеңдер шығарып, шығармашылық кештер өткізген. Оның даусын қала тұрғындары әр жеңіс мерекесінде еститін.75 жастағы Петр Кушниров қайғылы, қаралы өлеңді 1970 жылдан бастап 49 жыл бойы оқыды. Қағазға қарамастан жатқа айтатын. Арасында өзі шығарған өлеңдері де бар. Бұл кадрлар осы жылы 9 мамырда түсірілген болатын. Петр Кушнировты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 4 қазан күні сағат 12 де мәдениет сарайында өтеді. Ал қонақ асы Абзал кафесінде сағат 15:30 тен бастап беріледі
Балқашта дүкен иесіне 130 мың теңге айыппұл салынды. Кәсіпкер ішімдік өнімдерін тиісті құжатсыз сатып алып, саудаға қойған. Заң бұзушылық қыркүйек айында болған тексеріс кезінде анықталды. Кәсіпкерде 30 бөтелке ішімдікке берілген тауар құжаты болмаған. Заңға сәйкес жеткізуші алкоголь өнімін өткізу және тасымалдау кезінде оларға міндетті түрде жүк құжаттарын рәсімдеуі керек еді. Дүкен иесі сотта кінәсін мойындаған. Енді ол 130 мың тг айыппұл төлеуі тиіс
Балқаштық тұрғынның жер учаскесі су астында қалды. Осыдан 3 ай бұрын суық су құбыры жарылған. Содан бері әлі тоқтамай ағып жатыр. Жер иесі мәселені шешпек болып, Балқаш Су мамандарына барғанымен оның сөзіне ешкім құлақ аспаған. Үмітін үзген тұрғын, арна тілшілерінен көмек сұрады. 69 жастағы қала тұрғыны Владимир Некрасов 3 айдан бері мәселенің шешімін таба алмай жүр. ЖЭС маңында орналасқан учаскесін маусым айының басынан бері осылай су басып жатыр. Онымен күреспек болып, өз еріктерімен мына арықты да қазған. Себебі «Балқаш су» мекемесіне бірнеше рет хабарласқанымен еш нәтижие шықпаған. Апат ескі суық су құбырының жарылуынан болып отыр. Қазір бұл жер көлшікке айналып үлгерген. Ал балқаш су мамандары болса, апатты жою үшін 150 метрге жуық құбырды жаңасына ауыстыру керек дейді. Алайда мамандар мен техниканың тапшылығынан мәселе осы күнге дейін шешілмей келген. Жалпы қаламызда жыл басынан бері ескі желілерде 35 авария болған. Оның барлығы бүгінгі таңда жөнделді. Одан өзге 2 шақырымға жуық су құбыры жаңасына ауыстырылды. Жоспар бойынша алдағы уақытта 4,5 км айырбасталады
Балқашта «Оne power» атты еріктілер клубы ашылды. Волонтерлар кез келген қоғамдық іске атсалысып, қайырымдылық жасаумен, көмек көрсетумен айналысады. 2020 жыл Қазақстанда «Волонтерлар жылы» болып жарияланды. Осыған орай оқушылар сарайында биыл еріктілер клубы ашылған. Бүгін оның құрамына кірген оқушылар мен жастар «Шығармашылықты қалай дамытуға болады?» деген тақырыпта тренинг өткізді. Еріктілер алғаш болып балалар үйіне барған. Онда ойын түрінде тренинг өткізіп, тәрбиеленушілермен бірге флеш-моб ұйымдастырған. Фоамираннан гүл жасап, шеберлік сағатын ұйымдастырған. Ал қарттар күнінде, ардагерлерді концертпен құттықтаған. Алда әлі талай іс атқармақ
Спорт кешендері балаларды үйірмелерге шақырады. Дене шынықтыру сауықтыру кешенінде волейболдан өзге бірнеше секция жұмыс жасайды. 7 жастан дойбы, 9 жастан дзюдоға қатысуға болады. Тоғызқұмалақ, қазақша күрес сынды ұлттық ойын түрлері бар. Үстел теннисі, бокс, кикбокспен айналысқысы келетіндерге «Металлург» стадионына барса болады. Футбол ойнауға арналған үлкен жасыл алаң да осы жерде. Аяқ допшылар 8 жастан бастап 17 ге дейін қабылданады. Үстел теннисіне 9, боксқа 10 жастан бастап жазылуға болады. Балалар және жасөспірімдер мектебі болашақ жеңіл атлетшілерді дайындайды. Қаладағы жүгіруге арналған жалғыз зал мен жаттықтырушы осы мектепте. 9-дан 14 жасқа дейінгі оқушылар тегін жаттығады. Спорт мектебінде бұдан өзге тағы бірнеше секция бар
Балқаштық жеткіншектер кикбокстан өткен республикалық сайыстан жүлдемен оралды. Олар екі күміс пен бір қоланы қанжығалады. Жарыс Тараз қаласында өтті. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен 250-ге жуық кикбоксшы жиналды. 9 дан 12 жасқа дейінгі балалар екі күн бойы өзара мықтыны анықтады. Турнирге Балқаштың атынан ДСК мен Жасөспірімдер спорт мектебінің 10 тәлімгері бақ сынауға барған. 4 жекпе-жектің нәтижиесі бойынша Керам Жүнісов пен Олжас Жанғалиұлы біздің құрама еншісін күміс медальмен толықтырды. Ал, қола жүлдені жерлесіміз Нариман Қайыпхан қанжығасына байлады. Бүгінде жеңімпаздар облыс біріншілігіне дайындалып жатыр
Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға. Осы жексенбі бар құрмет пен қошеметке лайықты мұғалімдер қауымының төл мерекесі. Жас ұрпақтың бойына білім нәрін сусындатып, адам, тұлға ретінде дамытып, маман ретінде қалыптастыратын ұстаз. Бүгінгі сауалнама айдары мейрам иелеріне арналады.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login