Балқаштағы мектептердің біріне өрт қауіпсіздігін сақтамағаны үшін 170 мың тг айыппұл салынды. Оқу ордасында осымен екінші рет ереже бұзылған. Алғашқысында тек ескерту жасалса, екінші жолы заң бойынша жазаланды. Сәуір айында ТЖ қызметкерлері мектепке тексеріспен барғанда 4 ереже бұзушылық анықталған. Мәселен сыртта өрт сатысы жарамсыз болып шыққан, ал төбедегі шатырда қоршау болмаған. Содан мамандар ескерту жасап, жіберілген кемшілікті түзеуге 4 ай мерзім берген. Алайда осы уақыт ішінде анықталған 4 ереже бұзылушылықтың тек 3 ғана жойылған. Сот отырысында мектеп өкілі барлық кемшілікті түзетуге қаржы жетпегенін, ал керекті сома үкіметтен сұралатынын алға тартып ақталғанымен, білім ордасына 170 мың тг айыппұл салынды
Мүлік пен жер салығын төлеу үшін 1 аптадан аз уақыт қалды. 1-ші қазанға дейін мемлекеттік кірістер басқармасы 2018 жылғы төлемді қабылдайды. Бұдан бөлек бұрынғы қарыздарды да өтеуге болады.Қаржы министрі Әлихан Смаиловтың айтуынша, биыл салық жүйесі банктік төлем жүйесімен біріктірілген. Ендігі кезекте салық төлеушілер банктің мобильді қосымшасынан жер, мүлік және көлік салығы бойынша қарыз сомасын көре алады. Тіпті ешқайда бармай-ақ қосымшаның көмегімен төлем аударуға мүмкіндік пайда болды. Айта кету керек, айыппұл көлемін үй иесінің жеке сәйкестендіру номерін енгізу арқылы салық комитетінің сайтынан білуге болады. Балқаштықтар берешектерін банктер, терминалдар, пошта бөлімшелері мен мобильді қосымша арқылы төлей алады
Жылу мен ыстық су ақысын төлемеген балқаштықтардың қарызы 120 миллион теңгеге жеткен. Бұл сомма біреше жылдан бері жиналған.Борышкерлердің қатарында жеке және заңды тұлғалар да бар. Дүкендер мен павильондардың иелері және жеке кәсіпкерлер компанияға 45 миллион төлемеген. Ал, көп қабаты пәтер мен жеке үйлердің қарызы 75 миллион тг құрайды. 400-ге жуық үй иесі борышкелер тізімінде. Қазіргі таңда «Су Жылу Транс» мекемесі елден ақшасын қайтару үшін нотариустан берешекті өндіріп алу туралы орындау жазбасын алған. Тұрғындар қарызды төлеу үшін подъездердің есігіне ескертпе қағазын іліп тастаған. Егер баспана иелері борышынан құтылуға асықпаса онда іс сотта қаралады.Қала тұрғындары қаржы жағынан қиналып жүрсе кез келген уақытта басқармаға немесе абоненттік бөлімге келіп, төлемді бөліп төлеу туралы өтініш жазуларына болады
Балқашта коворкинг орталығының ашылғанына бүгін тура 1 жыл толды. Мәдениет сарайындағы бұрыңғы коммуналдық қызмет ақысын төлеу орталығы бүгінде жастардың ошағына айналған. Шаһардың 29 жасқа дейінгі белсенді тұрғындары онда бос уақытын өткізіп, әр түрлі шаралар өткізуге, жарыстар ұйымдастыруға атсалысады. Ағылшын тілінен аударғанда «коворкинг» сөзі бірге жұмыс жасау дегенді білдіреді. 1 жылдың ішіндегі атқарылған істер аз емес. Мұнда жастар әр түрлі бағыттағы бастамаларын іске асырады. Айына 100-ге тарта жас буын осы жерде уақытын тиімді өткізеді. Семинар-тренингтер өткізіп, бетке ұстар тұлғалармен кездеседі. Аға буынның ақылын тыңдап, сырлы сұхбат ұйымдастырады. Орталықта 4 маман жұмыс істейді. Мұндағы қайнаған тірлік аптасына 5 күн, таңертеңгі 9-дан кешкі 6 жарымға дейін жалғасады. 29 жасқа дейінгі жастар шешендік өнерін дамытып, креатив курсында сурет салады, ардагерлермен кездеседі. Жастар кәсіпкерлігін қолдау мақсатында бизнес семинарлар өткізіледі. Жас буын өкілдерінің бос уақытын тиімді өткізуге бар жағдай қарастырылған
Өткен жылы Балқашта 1300-ден аса сәби дүниеге келген. Алайда 750-ге жуық адам көз жұмған. Статистика комитеті 2018 жылдың қорытындысын жасап, әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді шығарды.Статистикаға сүйенсек Балқашта тұрғындардың саны 79 мың. 2200 адам көшіп келсе, 2400-адам қаладан қоныс аударған. Еңбекке жарамды 15 жастан жоғары халық саны 40 мың. 37 мың балқаштықтың тұрақты жұмысы бар, 2 мың тұрғын жұмыссыз. Орташа айлыққа тоқталсақ, ол 168 мыңды құрайды. Былтырғы жылы 700 шаңырақ көтерсе, 300 отбасы ажырасқан. Ал зейнетақының орташа мөлшері — 57 мың теңге. Ең кемі 33 мыңды тг. Балқашта 518 млрд теңгеге өнеркәсіптік өнім өндірген. Ауыл шаруашылығы өнімдері болса 1,5 млрд теңгені құрап отыр. 2018 жылы 23 гектар жерден 500 тонна картоп жиналған. 76 гектардан 2 мың тонна көкөніс алынған. Мал шаруашылығына тоқталсақ онда биыл, 133 тонна ет, 3 мың тоннаға жуық сүт өндірілген. 700 мың дана жұмыртқа мен 9 тонна жүн алынған.
Балқаш қаласының 2018 жылғы басты әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login