Үйірменің үйретері көп. Жаңа оқу жылы келісімен үйірмелерге жазылу басталып кетті. Баланы жастайынан өнерге, ғылымға бейімдеймін дейтін ата аналапр үшін таңдау көп. Оқушылар сарайы, өнер мектебі, мәдениет сарайында жалпы 50 ге жуық тегін үйірме бар.
Мөлдір үшін қызығы таусылмайтын орын қуыршақ театры. Бұл үйірменің қимыл қозғалыс пен дауысқа құрылған өзіндік ерекшелігі бар.Тек өздері ғана ойнап қоймай қуыршаққа жан бітіреді. Дәл қазір Мөлдір «Қайырымды қонжық» ертегісіндегі түлкінің рөлін ойнауда.
Мөлдір Мұқатбек – қуыршақ үйірмесінің қатысушысы: «Мен 2015 жылдан бері осы қуыршақ театрына қатысып жүрмін. Аптасына 5 рет келемін. Маған осы қуыршақ театрында ойнаған ұнайды. Себебі бұл жерде өте қызықты. Және көп нәрсеге үйретеді. Мысалы түлкі сияқты қу адамдарға сенбеу, себебі олар алдап кетуі мүмкін»
Қаламыздағы «Өнер мектебі» хореография, музыка, көркемсурет бағыттары бойынша жұмыс жасайды. Мұндағы оқушылар 5 класс бойынша білім алып шығады. Өнер ордасынан көпбалалы отбасының балаларына тегін өнер үйренуге жағдай жасалған. Ол үшін тиісті анықтама қағазын әкелсе болғаны.
Жансая Абдуалиева –директордың оқу және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: «Бізде сол 700 баланың 100 баласы қазір міне тегін оқып жатыр. Тегін білім алып жатыр деп айтуға болады. Сонымен қатар ауылымыздан шалғай орналасқан, 25, 24-ші мектеп, 16 мектептерде өзіміз қосымша сынып ашқан болатынбыз. Ол жерде де бізде бірнеше бала тегін оқып жатыр»
Қаламыздағы ең көп үйірме оқушылар сарайында. Мұнда 40-қа жуық үйірме бар. Авиамодельдеу, работотехникадан бастап, «Сиқырлы саусақ» шеберлері, «Жас тілшілер» де осында. Биылғы жаңашылдықтары бокс, дзюдо, шағын футбол секциялары ашылған. Жасөспірімдерге арналған 2 еріктілер клубы «Уан Пауэр» мен «Уникум» тұлғаны дамыту орталығы тізімді толықтырып тұр.
Оқушылар сарайындағы тегін үйірмелердің тізімі.
I. Ғылыми-техникалық бағыт:
1. «Авиамодельдеу» үйірмесі
2. «Авто-судомодельдеу» үйірмесі
3. «3D модельдеу» үйірмесі
4. «Радиолюбитель» клубы
5. «Робототехника» үйірмесі
6. РТ Студия «Стоп кадр»
II.Сәндік-қолданбалы өнер:
1. «Сиқырлы саусақ» үйірмесі
2. «Эксклюзив» студиясы
3. «Креатив» студиясы
4. «Асыл шебер» үйірмесі
5. «Бейнелеу әлемі» үйірмесі
III. Социалды-педагогикалық бағыт:
1. «Қазақшаңыз қалай» үйірмесі
2. «Жас тілші» үйірмесі
3. «Жас Қыран» клубы
4. «Уникум» жеке дамыту орталығы
5. «Қазақшаңыз қалай» үйірмесі
6. «Айбын» әскери-патриоттық үйірме
8. «Reporter» медиа-клубы
9. «Лидер» клубы
10. «Жас Ұлан» клубы
11. «One Power» волонтерлар клубы
12. «Ораторское мастерство» үйірмесі
IV.Спорттық бағыт:
1. «Белая ладья» шахмат клубы
2. «Логика» дойбы клубы
3. «Спарта» спорттық клубы
4. «Дзю-до» секциясы
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login