Балқашта әуезжай аймағынан адам қаңқасы табылды. Мәйітті алғаш болып сенбілікке шыққан әскерилер көрген. Тек сүйегі ғана қалған адамның мәйіті өткен сенбіде табылды. Сол күні әуезжай аймағына сенбілік жүргізілген. Қоқыстарды жинап жүрген әскерилер жолдан 50 метр қашықтықтан адамның қаңқасын көреді. Содан бірден полицияға хабар беріпті. Енді тәртіп сақшылары табылған адам сүйектері кімге тиесілі екендігін және оның өлімінің мән-жайын анықтайтын болады. Қазіргі уақытта мәйіттің фрагменттері сот-медициналық сараптамаға жіберілді
Кезекті маслихат сессиясының тұрақты комиссия отырысы күн тәртібінде болмаған сұрақтан басталды. Ыстық су тарифының көтерілуі басты тақырыпқа айналды. Халық өз наразылығын әлеуметтік желі арқылы білдіре бастаған. Бірнеше пікірді маслихат хатшысы отырыста оқып берді. Жиында қала әкімі Ораз Тәуірбеков химиялық жолмен тазартылған ыстық судың бағасын көтеріп отырған ЖЭС қатысты тергеу басталғанын мәлімдеді. Жергілікті билік олардың бұл әрекеті қаншалықты заңды әрі негізді екенін тексеру үшін табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқығын қорғау департаментіне арыз жазған. Енді жергілікті билік аталмыш тексерістің қорытындысын күтеді. Айта кетсек, тамыз айынан бастап ыстық су бағасының екі есеге көтерілді. Оған ЖЭС химиялық тазартылған судың бағасын 3 есеге қымбаттатуы себеп болды. Мүндай өзгеріс халық арасында үлкен наразылық тудырды. Артынша қала әкімінің тапсырмасы бойына жаңа тариф уақытша тоқтатылды
Бүгін 5500 балқаштық латын әліпбиінде жалпы облыстық диктант жазды. Шара Қазақстан халықтарының тілдері күніне орай ұйымдастырылды. Жалпыоблыстық диктантқа облыстың 120 мың, ал қаламыздың 5500 тұрғыны қатысты. Олар мемлекеттік, әскери, білім беру, денсаулық сақтау және т.б. көптеген салалардың қызметкерлері мен колледж студенттері. Осы жылы екінші мәрте өткізіліп жатқан диктанттың бұл жолғы тақырыбы «Бәсекеге қабілеттілік». Жалпы құрылымы 70 сөзден тұрады. Оны жазып шығуға 30 минут уақыт берілді.3 рет оқылған диктант соңында балқаштықтар дұрыс жауапқа қарап өз-өздерін тексеріп, баға қойды
Балқашта зауыт жұмысшылары, әкімшілік қызметкерлері және спорт ардагерлері баскетболдан достық кездесу өткізді. Оған 40 жастан асқан азаматтар қатысты. Ойын балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде өтті. Ойнынға жиналғандар мекемеге бөлінбей қара және ақ болып екі топ құрды. Есепті бірінші болып ақтар ашты. Алайда қаралар командасы берілмеді. Нәтижесінде 26 ұпай айырмашылығымен ақтар командасынан басым түсті. Жалпы есеп 57-31
Шағын футболдан үздік мектеп командасы анықталды. 2008-2009 жылғы оқушылар арасында басталған «қала әкімінің кубогі» турнирі өз мәресіне жетті. Демалыс күні 12 команданың арасынан топ жарып шыққан 2 команда бас жүлдеге таласты.12 команданы арасынан суырылып алға шыққан №5 және №15 мектеп командалары бүгін финалдық ойында кездесті. Қос құрама осы кезеңге дейін турнирде 6 кездесуден өткізген. Финалдық ойын өте тартысты өтті. Бірінші тайм 2:1 есебімен нөмірі 15 мектептің пайдасына шешілді. Ал екінші кезеңде 5 мектеп футболшылары тағы 3 доп өткізіп алды. Деседе, намысқа тырысып бір голмен жауап қайтарды. Матчтың нәтижесінде 15 мектеп командасы 5:2 есебімен, қала әкімінің кубогын иеленді. Күміс жүлде №5 мектеп ойыншыларына бұйырды. Ал 16 мектептің футболшылары қола жүлдені жеңіп алды. «Үздік ойыншы» атағын15 мектеп командасының ойышысы Нұргелді Рахманқұл»ат иеленді. «Үміт» номинациясымен №5 мектеп оқушысы Ерсұлтан Кәрімханов марапатталды
Балқашқа жылы күндер қайта оралды. Алдағы аптада ауа температурасы айтарлықтай жоғарылайды.Синоптиктердің болжауынша алда шаһар тұрғындарын жауын шашынсыз, жайма шуақ күндер күтеді.Ертең ауа температурасы 22 градусқа көтеріледі. Одан соң әр күн сайын жоғарылай бермек. Апта соңында ауа температурасы +26-27 градуқа дейін жетеді.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login